Елімізде коронавирустан тағы 4 науқас қайтыс болды

0
960

Қазақстан бойынша барлығы 48 адам қайтыс болды.


Елімізде коронавирустан тағы 4 науқас қайтыс болды

Қазақстанда 4 науқас коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысында - 1964 жылы, Атырау облысында - 1964 және 1951 жылы туған ер адамдар, сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласында 1951 жылы туған әйел адам қайтыс болды.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеу жөнінде шешім қабылдады.

Қазақстан бойынша барлығы 48 адам қайтыс болды.