Елімізде коронавирустан үйде емделген 17 мың адам сауығып шықты

0
580

Бұл 3 маусымнан 8 шілдеге дейінгі дерек.


Елімізде коронавирустан үйде емделген 17 мың адам сауығып шықты

Қазақстанда эпидемия басталғалы бері коронавирус инфекциясынан 34 149 адам жазылды. Оның жартысынан астамы немесе 17 221 адам үйде емделді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Коронавирус індетінен амбулаторияда емделіп шыққандар туралы мәлімет:

Нұр-Сұлтан қаласы - 1621,
Алматы қаласы - 1553,
Шымкент қаласы - 1410,
Ақмола облысы - 633,
Ақтөбе облысы - 433,
Алматы облысы - 928,
Атырау облысы - 3030,
Шығыс Қазақстан облысы - 666,
Жамбыл облысы - 486,
Батыс Қазақстан облысы - 1689,
Қарағанды облысы - 1918,
Қостанай облысы - 345,
Қызылорда облысы - 376,
Маңғыстау облысы - 686,
Павлодар облысы - 299,
Солтүстік Қазақстан облысы - 806,
Түркістан облысы - 342.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 34 149, оның ішінде ауруханалардан - 16 928, амбулаториялық бақылаудан - 17 221.