Елімізде коронавирустың таралуы тұрақталып келеді - Асқар Мамин

0
689

Өткен тәулікте 129 науқас тіркеліп, өсім деңгейі 3,3 пайызды құраған.


Елімізде коронавирустың таралуы тұрақталып келеді - Асқар Мамин

ERNUR.KZ. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздегі коронавирусқа қатысты жағдай бойынша есеп берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Өткен тәулікте 129 науқас тіркеліп, өсім деңгейі 3,3 пайызды құрады. Жаңа науқастардың арасындағы 84-і, яғни 65 пайызы алдын алу скринингтің негізінде табылған. 36 науқас медициналық көмекке жүгінген және 9 науқас шет елден келген. Ең жоғары деңгей Алматы қаласында - 33 науқас және Батыс Қазақстан облысында - 20 науқас. Ең үлкен өсім 13,8 пайыз Маңғыстау облысында. Кешегі күні 2 науқас, жалпы 29 науқас қайтыс болды. 1 173 науқас емделіп шықты. Қазіргі күні 2847 науқас емделіп жатыр. Өткен тәулік бойынша елімізде 13 550 тест өткізілді. Жалпы, 4,5 мыңы скрининг мақсатында», - деді Денсаулық сақтау министрі.

Өз кезегінде Үкімет басшысы Асқар Мамин елімізде коронавирус таралуына қатысты жағдай тұрақталып келе жатқанын баса айтты.

«Осы үдерісті сақтауымыз керек. Бұл бізге карантиндік шараларды одан ары жеңілдетуге мүмкіндік жасайды», - деді Премьер-Министр.