Елімізде күн 20 градусқа дейін жылынады

0
560

Кейбір өңірлерде бұрқасынмен қар жауу және күшті екпінді жел болуы мүмкін.


Елімізде күн 20 градусқа дейін жылынады

Синоптиктері 8-10 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.

Қара теңіздік циклон күндіз 7 ақпанда Батыс Қазақстанға жылжыйды, ал таңертең Солтүстік Қазақстанға жылжып, бұрқасынмен қар жауу және күшті екпінді жел әкеледі. Циклонмен байланысты атмосфералық фронттар батыстан шығысқа ығысып, қардың жаууын, бұрқасын, күшті оңтүстік-батыс желін және көктайғақ, оңтүстік облыстарында – жаңбырдың қарға ұласуын тудырады.

Циклон мен фронттардың артынан Қазақстанға солтүстік теңіз акваторияларынан арктикалық суық ауа массалары түсіп, батыс және солтүстік облыстарындағы суытудың себебі болады. Қалған аймақтарда ауа температурасы демалыс күндері бұрыңғыдай күндіз 0…плюс 8°С, оңтүстікте 10…15°С, қиыр оңтүстікте плюс 20°С-қа дейін болжанады, - делінген хабарламада.