​Елімізде латын қарпінде жазылған тұңғыш газет жарық көрді

0
2 477

«Тіл-қазына» республикалық ақпараттық-танымдық газетінің тұсаукесері бүгін Ұлттық академиялық кітапханада өтті


​Елімізде латын қарпінде жазылған тұңғыш газет жарық көрді

ERNUR.KZ. «Тіл-қазына» республикалық ақпараттық-танымдық газетінің тұсаукесері бүгін Ұлттық академиялық кітапханада өтті, деп жазады 24.kz.

Жаңа басылымды Мәдениет және спорт министрлігі Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп шығарған. Жиынға парламент депутаттары және зиялы қауым өкілдері қатысып, газеттің тұжырымдамасымен танысты. Сонымен қатар қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру мәселелерін талқыға салды. «Тіл-қазына» республикалық басылымы айына екі рет 3 мың таралыммен жарық көретін болады.

Мырзатай Жолдасбеков, мемлекет және қоғам қайраткері:

- Латын қайта оралды. Бұл біздің бабаларымыздың, ағаларымыздың жан-тәнін салып енгізген әліппесі еді. Әр мемлекеттің өзінің әліппесі болады. Әлемде ең озық 30 мемлекеттің 28-і латын әліпбиінде екен. «Тіл-қазына», латын әліпбиіне келгенің құтты болсын.

Сұлтан Оразалы, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

- Қазір біздің көшемізде ағылшын тілінде жазылған жарнамалар өте көп. Егерде біз түгелдей латыншаға көшетін болсақ, біздің көшеміз бір қаріпке көшеді. Ала-құлалық азаяды деген сөз. Одан кейін адамзаттың тең жартысына жуығы осы латын әліпбиінде жазады. Бізге басқа тілдерді игеруге, әсіресе ағылшын, француз, неміс тілдерін игеруде көп септігін тигізеді.