Елімізде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтеді

0
8 240

Акцияны өткізудің он жылы ішінде 2 млн.-нан астам балаға жалпы сомасы 17 млрд. теңгеден астам материалдық көмек көрсетілген


Елімізде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтеді

ERNUR.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігі «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясын өткізу туралы жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясын өткізу туралы жариялады. Білім және ғылым министрлігінің әлеуметтік бағыттағы бастамасы бүкіл республика бойынша 2018 жылғы 1 тамызбен 30 қыркүйек аралығында өткізілетін болады.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу болып табылады.

Сонымен қатар, акция барысында мектепке бармайтын балаларды анықтауға, мектепке дайындау бойынша әлеуметтік қорғалмаған отбасынан шыққан балаларға көмек көрсетуге басты назар аударылады.

Айта кетейік, акцияны өткізудің он жылы ішінде 2 млн.-нан астам балаға жалпы сомасы 17 млрд. теңгеден астам материалдық көмек көрсетілген. Демеушілер мен меценаттар жалпы сомасы 7,9 млрд. теңгеден астам көмек пен қолдау көрсетіпті. Мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар және акционерлік қоғамдар жыл сайын акцияға белсенді қатысып жатыр.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі еліміздің барлық азаматтарына, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, меценаттарға акцияға қосылуға және өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға, отбасыларға көмек көрсетуде, сондай-ақ мектепке өз жолын табуға қол ұшын беруде үлестерін қосуға шақырады. «Мектепке жол» акциясына арналған брифинг 2018 жылғы 1 тамызда сағат 16.20 өтеді.

Барлық акцияға қосылуға тілек білдірушілерге Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің телефонына – 8 (7172) 74 21 40, сондай-ақ облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларына хабарласуына болады.