Елімізде Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады

0
947


Елімізде Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады

ERNUR.KZ. Қазақстанда Наурыз мейрамының қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады, деп жазады tengrinews.kz.

Алдағы Наурыз мейрамы қарсаңында, "Жолаушылар тасымалы" АҚ мәліметінше, қосымша біржолғы пойыздар іске қосылады:

- №202/201 Астана-1-Павлодар, Астана-1-ден 20, 24 наурыз күндері жөнелтіледі, ал Павлодардан 21, 25 наурыз күндері кері шығады;

- №204/203 Астана-1-Алматы-1, Астана-1-ден 20, 24 наурыз күндері, ал Алматы-1 ден 21, 25 наурыз күндері;

- №205/206 Алматы-2-Арыс-1, Алматы-2- ден 21 наурыз күні, ал Арыс-1 -ден 23 наурыз күні;

- №241/242 Қызылорда-Атырау, Қызылордадан 20, 22, 24 наурыз күндері, ал Атыраудан 21, 23, 25 күндері кері бағытта жүреді.

Сонымен қатар, №49/50 Алматы-2 - Орал бағытындағы пойыздың қосымша құрамы Алматы-2-ден 13 наурыз күні шықса, Орал қаласынан 16 наурызда кері сапарға шығатыны айтылады.