Елімізде өткен тәулікте пневмониядан 17 адам қайтыс болды

0
442

5 тамызда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды.


Елімізде өткен тәулікте пневмониядан 17 адам қайтыс болды

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1 799 жағдайы және 17 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар 8 054-ге жетіп, 86 өлім жағдайы тіркелді.

Денсаулық сақтау министрлігі тәуліктік деректер және оң ПТР-тесті бар коронавирустық инфекциядан ауырғандар мен қайтыс болғандардың жалпы саны, сондай-ақ теріс ПТР-тесті бар КВИ туралы ақпарат ведомствоның ресми сайтында және әлеуметтік парақшаларда күнделікті форматта жарияланатынын хабарлайды. Өңірлер бойынша ақпарат Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілінің брифингтері барысында апта сайынғы негізде ұсынылатын болады.