Елімізде өзге мемлекеттен келген туристердің шығыны субсидиялануы мүмкін

0
823

Қабылданған шаралар 2025 жылы 3 млн шетелдік, 8 млн қазақстандық туристі қабылдауға мүмкіндік береді.


Елімізде өзге мемлекеттен келген туристердің шығыны субсидиялануы мүмкін

ERNUR.KZ. Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспековтың айтуынша, қазіргі кезде мәжілісте арнайы заң жобасы қаралуда, деп жазады inbusiness.kz.


«Онда әр туристің шығыны үшін туроператорларға субсидия бөлу мәселесі жазылған. Сонымен қатар ішкі маршруттар бойынша балар үшін әуе билеттері құнының 100%-ын өтеу қарастырылуда. Туристік нысан салу, жөндеу, жарақтандыру бойынша жеке бизнеске салынған инвестицияның 10%-ы, тау шаңғы жабдықтарын алу шығындарының 25%-ын өтеу мәселесі де бар», – деді Дастан Рыспеков.


Бұдан бөлек бұл заң жобасында жол жағасында орналасатын қызмет көрсету нысандарын салу шығынының 25%-ын өтеу, санитарлық-гигиеналық тораптарды күтіп ұстауға 30 АЕК (83, 3 мың теңге) бөлу қарастырылған.


«Осы шаралардың нәтижесінде туристік нысандар мен саяхатшыларды орналастыратын орындар саны артады деп күтілуде. Бұл 2025 жылы 3 млн шетелдік, 8 млн қазақстандық туристі қабылдауға мүмкіндік береді», – деді ведомство басшысы.