Елімізде тағы 18 адамнан коронавирус анықталды

0
637

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1775 болды.


Елімізде тағы 18 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда тағы 18 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

20 сәуір сағат 17:40-тағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 18 адам тіркелді: Алматыда – 14, Шымкентте – 3, Қостанай облысында – 1.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 383 адам, Алматы қаласында – 549 адам, Қарағанды облысында - 93 адам, Ақмола облысында - 82 адам, Атырау облысында - 80 адам, Жамбыл облысында - 61 адам, Шымкент қаласында - 83 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам, Алматы облысында - 44 адам, Ақтөбе облысында - 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 30 адам, Павлодар облысында - 30 адам, Маңғыстау облысында - 12 адам, Қызылорда облысында - 149 адам, Батыс Қазақстан облысында - 63 адам, Түркістан облысында - 60 адам, Қостанай облысында - 21 адам, жалпы 1775 науқас бар.