Елімізде тұтас түркі әлемі үшін теңдесі жоқ жәдігер табылды

0
1 172

Құнды жәдігер ұзақ жылдар бойы қойдың қарнына сақталып келген екен.


Елімізде тұтас түркі әлемі үшін теңдесі жоқ жәдігер табылды

ERNUR.KZ. Елімізде тек қазақ халқы үшін емес, тұтас түркі әлемі үшін теңдесі жоқ жәдігер табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы қаласының тұрғыны Анаргүл Әмір екі басты самұрық құс бейнелеген Алтын Орданың туын жариялады. Тумен бірге сол дәуірге тән көйлек тапқан. Бұл жәдігерлер түпнұсқа ма? Солай болса, бірнеше ғасыр бойы қалай сақталған?

Құнды жәдігер ұзақ жылдар бойы қойдың қарнына сақталып келген екен. Иә, әже-апаларымыз кәдімгі сарымай сақтаған қарын. 2017 жылы Анаргүл Әмір қарынды ашып, ішінде баға жетпес байлық жатқанын түсінеді. Қазақстандық және ресейлік тарихшылар да, бұл Алтын Орданың штандарты деген тоқтамға келеді. Содан соң ту музейге тапсырылған. Ондағы мамандар «жәдігерді өңдейміз» деп уәде берген екен. Алайда күні бүгінге дейін атқарылған іс жоқ. Осыған көңілі құлазыған Анаргүл Әмір жәдігерді кері қайтарып алыпты.