Елімізде ұшақта екі жолаушының қатар отыруына рұқсат етілді

0
626

Ішкі рейстерді пайдаланған қазақстандықтардың арасында «КОВИД-19» індетін жұқтырғандар анықталмаған.


Елімізде ұшақта екі жолаушының қатар отыруына рұқсат етілді

ERNUR.KZ. 7 мамырдан бастап ұшаққа отыру тәртібі жеңілдейді. Яғни, әуе көлігінде екі жолаушының қатар отыруына рұқсат беріледі, деп жазады 24.kz.

Көліктегі бас мемлекеттік санитар лық дәрігер Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, ішкі рейстерді пайдаланған қазақстандықтардың арасында «КОВИД-19» індетін жұқтырғандар анықталмаған.

Бірақ қаулының өзге талаптары қаз-қалпында қалады. Жолаушының қолында коронавирусты жұқтырмағанын растайтын анықтама, маска және медициналық қолғаптың болуы шарт.

"Ішкі әуе рейстері жандана сала ұшу талаптары күшейтілген болатын. Бірақ жағдайға қарай тәртіптің жеңілдейтіні де айтылды. Біз ұшып-келіп жатқан жолаушылардың денсаулығын бақыладық. Кеселді жұқтырғандар анықталмағандықтан, тәртіпті жеңілдеттік. Демек, жолаушылар орны түгел пайдаланылады. Бірақ қаулыға сай талаптар сақталады" - дейді көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов.