​Елімізде жыл сайын 400-ге жуық әйел күйеуінің қолынан мерт болады – дағдарыс орталығы

0
1 989

Дағдарыс ортылықтарының сенім телефоны айына 14 мыңдай қоңырау қабылдайтынын және жылына 5 мыңдай әйелге паналау қызметі көрсетілетінін жеткізді.


​Елімізде жыл сайын 400-ге жуық әйел күйеуінің қолынан мерт болады – дағдарыс орталығы

ERNUR.KZ. Еліміздегі отбасылық жағдайды түзету мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеп жатырмыз. Оның ішінде алимент төлеу бойынша ата-ананың жауапкершілігі мен ролі де қаралады. Бұл туралы «Тұрмыстағы зорлыққа қарсы дағдарыс орталығының» директоры Зульфия Байсақова «ARUANA» Қазақстан әйелдер құрылтайының құрылғанына орай ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында айтты, деп жазады BAQ.KZ

Оның айтуынша, бұл құрылтай еліміздегі барлық әйелдер қозғалысын біріктіретін ұйым болады, яғни әйелдерге қолдау көрсететін, гендерлік теңдікке қол жеткізу бойынша қоғамдық бастаманы дамыту мен қоғамдағы әйел ролін жоғарылатуға бағытталады.

«Дағдарыс орталықтары мен 150 сенім нөміріне жүгінушілердің көрсеткішіне көз жүгіртсек зорлық-зомбылық әр сегізінші отбасыда орын алатынын байқауға болады. Әр жетінші отбасында әйел адам экономикалық зорлыққа, ал әр алтыншы әйел соққыға жығылады, әр үшінші әйел психологиялық қысмға ұшырайды»,-дейді ол.

Сонымен қатар ол, дағдарыс ортылықтарының сенім телефоны айына 14 мыңдай қоңырау қабылдайтынын және жылына 5 мыңдай әйелге паналау қызметі көрсетілетінін жеткізді.

«Бұл деректер қазіргі өмірде шынайы кездесетін жайттар. Осы орайда Дағдарыс орталықтарының одағы «ARUANA» Қазақстан әйелдер құрылтайымен бірлесіп отбасындағы әйелдер мен балалардың мәселесіне сараптама жасауды қолға алғалы отыр. Сондай-ақ еліміздегі отбасылық жағдайды түзету мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлейміз. Оның ішінде алимент төлеу бойынша ата-ананың жауапкершілігі мен ролі қаралады. Соңғы бес жылда Қазақстанда алимент борышкерлерінің саны 2 есеге өскен, оның 97% әкелер», - дейді Зульфия Байсақова.