​Еліміздегі ең қауіпті мамандықтар аталды

0
1 709

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері өндірістік жарақаттану жағдайлары жиі кездесетін салаларды атады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Еліміздегі ең қауіпті мамандықтар аталды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері өндірістік жарақаттану жағдайлары жиі кездесетін салаларды атады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство өкілдерінің ресми сауалға жолдаған жауабында 2017 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі кәсіпорындарда 1678 адам зардап шегіп, олардың 244-і қаза болғаны айтылады.

Министрліктегілердің айтуынша, ең қауіпті мамандық - тау-кен-металлургиялық саласында. Сондай-ақ, 2018 жылдың 5 айында республикадағы кәсіпорындарда 579 адамның зардап шегіп, 70 адамның қаза болғаны айтылады.

"Жалпы елімізде жарақаттану жағдайлары азайды. Соңғы 5 жылда мұндай жағдайлар 16 пайызға азайды", -делінген ведомство жолдаған жауапта.