Еліміздегі ең лас шаһар белгілі болды

0
779

Ақтөбе мен Атырауда күкіртті сутек мәселесі шешілмей тұр.


Еліміздегі ең лас шаһар белгілі болды

ERNUR.KZ. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев еліміздегі ең лас қалаларды атады, деп жазады Skifnews.kz.

Министрдің айтуынша, ең лас қалалардың тізімінде Теміртау көш бастап тұр.

«Экологиялық жағдайы нашар қалалардың тізімінде бірінші болып Теміртау тұр. Сондай-ақ, бұл тізімге Алматы, Нұр-Сұлтан, Өскемен, Атырау, Қарағанды, Ақтөбе қалалары кірді. Теміртау, Өскемен және Қарағанды қалаларының қатты ластануына өнеркәсіптік кәсіпорындар себеп болса, Нұр-Сұлтан мен Алматының ластануына көлік және жеке секторлардың жылыту жүйесі себеп. Ал Ақтөбе мен Атырауда күкіртті сутек мәселесі шешілмей тұр», - деді министр сұхбатында.

Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, бұл проблемаларды шешудің жалғыз жолы жасыл технологияларға көшу, яғни қосымша фильтрлер орнату