Еліміздің 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

0
807

Кей жерлерде тұман түседі.


Еліміздің 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктер еліміздің алты облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ақмола облысында түнде және таңертең 30 қазанда кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метр болады. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл соғады.

Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына - 15-20 метр.

Түркістан облысында күндіз кей жерлерде шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады.