Еліміздің аумағында қатарынан үш рет жер сілкінді

0
1 265

Алғашқы дүмпу сағ 18:31-де тіркелген.


Еліміздің аумағында қатарынан үш рет жер сілкінді

ERNUR.KZ. Еліміздің аумағында қатарынан үш рет жер сілкінді, деп жазады 24.kz.

4 тамызда сағат 18:31-де сейсмикалық станциялар желісі күші 4,6 балдық жер сілкінісін тіркеді. Зілзаланың ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 258 шақырым жерден өтіп, кіндігі 15 шақырым тереңдікте болды.

4 тамызда сағат 18:41-де сейсмикалық станциялар желісі күші 3,9 балдық жер сілкінісін тіркеді. Зілзаланың ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 259 шақырым жерден өтіп, кіндігі 10 шақырым тереңдікте болды.

4 тамызда сағат 19:15-те сейсмикалық станциялар желісі күші 3,5 балдық жер сілкінісін тіркеді. Зілзаланың ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 252 шақырым жерден өтіп, кіндігі 10 шақырым тереңдікте болды.