Еліміздің барлық мектептерінде «экосағат» атты факультатив оқытыла бастады

0
1 183

Соған сәйкес кең көлемді экологиялық акция өтіп жатыр.


Еліміздің барлық мектептерінде «экосағат» атты факультатив оқытыла бастады

ERNUR.KZ. Бүгін еліміздің барлық мектептерінде «Эко-сағат» атты факультатив оқытыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соған сәйкес кең көлемді экологиялық акция өтіп жатыр. Оған мектеп оқушылары ғана емес, барлық министрлер кабинетінің мүшелері мен өңір әкімдері қатысты. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров та елордадағы №72 мектепте болып, оқушылардың жұмысымен танысты. Әрі жеткіншектермен бірге ағаш отырғызды. Жалпы шараға Қазақстандағы 6 мың мектеп пен 2 млн оқушы қатысып, 200 мыңнан аса ағаш отырғызылады деп жоспарланған.

- Қоршаған ортаны кейінгі ұрпаққа таза күйінде қалдыру. Сондықтан мына мектептердегі оқушылармен кездесулер өткізіп жатыр. Қуантарлығы, біздің жастарымыз бүгінде экологиялық мәселені жақсы түсінеді. Қоршаған ортаны сақтау мәселесіне көзқарастары ашық. Қалаға тал егуге өз үлесін қосып жатыр, - дейді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.