Еліміздің барлық өңірі ойын мекемелерінен тазартылды

0
871

Мұны қоғам оң қабылдады.


Еліміздің барлық өңірі ойын мекемелерінен тазартылды

ERNUR.KZ. Еліміздің барлық өңірлері ойын мекемелерінен тазартылды. Бұл туралы ҚР қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев халық алдында берген есептік кездесуінде айтты, деп жазады baq.kz.


Экономикалық тергеу қызметінің штаты 2019 жылы 40%-ға қысқарды. Бұл жалақыны арттыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және жоғары білікті мамандарды тартуға мүмкіндік берді.Штатты қысқарту жағдайында маңызды экономикалық қылмыстарды анықтау жағына баса назар аударылды, - деді министр.

Жамаубаев соңғы 5 жылда тоқтатылған қылмыстың мұрағаты төмендегенін айтты.
Бұл бизнес өкілдерін қылмыстық үрдіс орбитасынан шығарды. Бұл маңызды экономикалық қылмысқа назар аудару нәтижесінде 26 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. Іс жүзінде еліміздің барлық өңірі ойын мекемелерінен тазартылды, мұны қоғам оң қабылдады, - деді министр.

Қаржы министрі Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінде алғаш рет салмағы 1,1 тоннадан астам ірі героин, есірткі трафигі жойылғанын айтты.
"Қара" нарықта оның құны шамамен 350 млн долларды құрайды. Бүгінгі таңда ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру көлемі 18%-ға дейін қысқарды, - деді министр.