Еліміздің бас мүфтиі Түркия мен Сирия халқы үшін дұға тіледі

0
439

2023 жылы 6 ақпанда таңертең Түркия мен Сирияда 7,7 балдық жойқын жер сілкінісі болды.


Еліміздің бас мүфтиі Түркия мен Сирия халқы үшін дұға тіледі

Индонезияның Сурабая қаласында бір мезетте 300-ден аса ғалым мен дін қайраткерімен бірге Қазақстанның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия мен Сирия жұртының амандығы үшін арнайы дұға жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚМДБ ресми сайтына сілтеме жасап.

"Индонезияның Сурабая қаласында өткен "Ислам фиқһы жаһандық өркениет үшін" бірінші халықаралық конференциясында Түркия мен Сириядағы зілзаладан қайтыс болғандардың рухына және әлемдегі бейбітшілік пен тыныштық үшін бір мезетте 300-ден аса ғалым мен дін қайраткері дұға жасады", - деп жазылған хабарламада.
"Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарма ұжымымен бірге Сурабая қаласындағы зәулім мешіттердің бірі Masjid Nasional Al Akbar-ға зиярат етіп, Алла Тағаладан Түркия мен Сирия жұртының амандығы үшін арнайы дұға тіледі", - деп мәлімдеді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

2023 жылы 6 ақпанда таңертең Түркия мен Сирияда 7,7 балдық жойқын жер сілкінісі болды. Соңғы мәліметтер бойынша, екі елде қаза тапқандар саны 7800 адамнан асты, 30 мыңнан астам адам жарақат алған.