Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық сақталады

0
527

Кей аймақтарда күн күркіреп, жаңбыр жаууы мүмкін.


Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық сақталады

ERNUR.KZ. Синоптиктер 20 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Солтүстік-батыс циклонының жырасы ҚР территориясының басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр болып, жел күшейеді. Солтүстік-батыста бұршақ, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады. Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклон жотасы жауын-шашынсыз ауа райын сақтайтын болады», - делінген «Қазгидромет»хабарламасында.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Жетісу облыстарының батысында, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-батысында қатты ыстық болады.

Күндіз Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық болады.