Еліміздің бес өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

0
642

Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.


Еліміздің бес өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

ERNUR.KZ. Қазгидромет орталығы Қазақстанның бес өңірде ауа-райына байланысты ескерту жарияланды, деп жазады zakon.kz.

Қазгидромет 28 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде және Көкшетау қаласында қатты жаңбыр жауады, тұман, найзағай күтілетінін хабарлайды.

Сондай-ақ күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында да 28 сәуірденайзағай, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, қатты жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

28 сәуірде Түркістан облысының кей жерлерінде, Түркістан қаласында күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Шымкент қаласында 28 сәуір күннің екінші жартысында қатты жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі.

Солтүстік-батыстан жел соғады, желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Қостанай облысыныңкей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

Сонымен қатар, дәл осы күні Қызылорда облысында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күтіледі. Дабылды ескертулердің ықтималдылығы 95-100%.