Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

0
656

Кей өңірлерде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.


Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет мәліметі бойынша, еліміздің төрт облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қостанай облысы

26 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай қаласы: 26 маусымда найзағай, солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

26 маусымда Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Орал қаласы: 26 маусымда солтүстіктен соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі.

Ақмола облысы

26 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Кей жерлерде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Көкшетау қаласы: 26 маусымда найзағай күтіледі.

Маңғыстау облысы

26 маусымда күндіз Маңғыстау облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Ақтау қаласы: 26 маусымда күндіз шаңды дауыл, солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі.