Еліміздің бұрынғы бас имамы директор болып тағайындалды

0
930

Серікбай қажы Ораз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 2017-2020 жылдары төрағалық етті.


Еліміздің бұрынғы бас имамы директор болып тағайындалды

ERNUR.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Серікбай қажы Ораз Алматыдағы республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының директоры болып тағайындалды, деп жазады muftyat.kz.

Институт ұжымына Бас мүфти бұйрығын ҚМДБ Діни істер және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет оқып берген.

"Ораз Серікбай Сатыбалдыұлы ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының директоры болып тағайындалсын", – делінген Бас мүфти бұйрығында.

Айта кетсек, Серікбай қажы Ораз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 2017-2020 жылдары төрағалық етті.

Осы жылдың 7 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс ІХ Құрылтайында Серікбай қажы қызметінен өз еркімен кететінін мәлімдеген еді.

Сондай-ақ, құрылтайда Серікбай қажы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти қызметіне Наурызбай қажы Тағанұлының кандидатурасын ұсынған болатын.