Еліміздің төрт облысында жол қайта ашылды

0
2 518

Қарағанды, Қостанай, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының тасжолдарында автокөлік қозғалысына рұқсат етілді.


Еліміздің төрт облысында жол қайта ашылды

ERNUR.KZ. Республиканың төрт облысы бойынша, атап айтқанда, Қарағанды, Қостанай, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының тасжолдарында автокөлік қозғалысына рұқсат етілді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Қарағанды облысында 6 наурыз күні 09.00-ден бастап «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау» тасжолының 51-104 шақырымында, Ақмола облысының шекарасы-Нұра ауылы аумағында көлік қозғалысына рұқсат етілді.

Сондай-ақ Қарағанды облысында 6 наурыз күні 8.30-дан бастап «Қызылорда-Павлодар» тасжолының 967-1135 шақырымында, Қарағанды қаласы-Павлодар облысының шекарасы аумағында көліктер қайта жүр бастады.

Сағат 8.30-дан бастап «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Керней-Ботақара» тасжолының 231-324 шақырымы, Павлодар облысының шекарасы-Ботақара ауылы аумағында көлік қозғалысы қалпына келтірілді.

Қостанай облысында 6 наурыз күні сағат 09.00-ден бастап «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» автожолының 7-106 шақырымы, Қостанай қаласы-Әулиекөл аумағындағы жолдың бір бөлігі ашылды.

Сонымен қатар Ақмола облысында 6 наурыз күні сағат 9.00-ден бастап «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау» автожолының 32-51 шақырымында, Қабанбай батыр-Қарағанды облысының шекарасы аумағында жол ашылды.

Шығыс Қазақстан облысында 6 наурыз күні сағат 8.00-ден бастап «Өскемен-Алтай-Рахман шоқысы» тасжолының 6-66 шақырымында, Ушанова ауылы-Серебрянск қаласына бұрылыс аумағында көлік қозғалысына рұқсат етілді.