Еліміздің төрт өңірінде дауылды ескерту жарияланды

0
846

Желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.


Еліміздің төрт өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазгидромет бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шығыс Қазақстан облысы

Күндіз 24 маусымда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

Ақмола облысы

Түнде 24 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысы

24 маусымда түнде және таңертең Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысы

23 маусымда Маңғыстау облысында күндіз 39 градус қатты ыстық күтіледі.