Еліміздің үш облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

0
562

Ертеңге арналған ауа райы болжамы.


Еліміздің үш облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

"Қазгидромет" орталығы мамандары Нұр-Сұлтан қаласы мен Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


1 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында тұман түседі.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде 1 қараша күні күндіз шығыстан соққан жел секундына 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Жамбыл облысында 1 қараша күні түнде кей жерлерде солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Кей жерлерде тұман түседі.