Елорда маңындағы бірнеше ауыл көшелері су астында қалды

0
1 554

Нұр-Сұлтанда бірнеше ауыл су құрсауына қалып, жапа шегіп отыр


Елорда маңындағы бірнеше ауыл көшелері су астында қалды

Фото: Tengrinews сайтынан алынды

ERNUR.KZ Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы Қажымұқан Мұңайтпасов ауылының көшелері су астында қалды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz


Көктем шығысымен Елордадан 18 шақырым алшақ орналасқан жер шағын көлшікке айналады екен
80 жастағы Күлжан Бегалина балаларының жайлылығы үшін Қажымұқан ауылына көшіп келген. Жасым келгенде немере бағып, солардың қызығын көремін деген әжей бұл қадамына әлі өкінеді. Ауыз су жоқ, кейде өшіп-жанатын жарық пен жолдың да салынбауы әулеттің күнін қиындатып жіберіпті. Әкімшілік жағдайды жасаймыз деген құр уәдеден басқа ештеңе айтпайды.

"Не қызық көрдік? Бейнеттен басқа, көріп жатқан ешқандай қызығымыз жоқ. Таң атса қар күрейміз, анау бала күрекпен суды ары лақтырады, бірақ су бері қайтып келеді. Міне, осы көрген күніміз", - деп күйнеді тұрғын Күлжан Бегалина.

Тап осылай қызыл су құрсауына түскелі отырған Талапкер ауылы. Тұрғындар саны 3 мыңнан сәл асатын елдімекендегілер табиғаттың тосын мінезімен өздері күресіп үйренген. Өйткені, екі ауылға да бір Целиноград әкімшілігі жауапты болған соң, жағдайы да бірдей.
"Ия, Талапкер ауылын су алып жатса, қолымызда көптеген техника бар, солардың көмегіне жүгінеміз. Қазіргі таңда ПНС атты екі техникамыз бар. 600-ге жуық коммуналдық шаруашылықтың техникасы. "Көктем-2019" республикалық жаттығу барысында 185 адамның дайындықтарын пысықтап алдық", - деді Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Марғұлан Аманбаев.

Мамандардың айтуынша, жағдай қалыпты. Бірақ Нұр-Сұлтан маңындағы 34 аймақ су астында қалу қаупі бар дегенді де тілге тиек еткен.