Елорда мектебінде сабақ кезінде төтенше жағдай болды (видео)

0
2 546

​Мектепте электр сымдарының қысқа тұйықталуынан түтін шыққан. Оқушылар мен ұстаздар зардап шеккен жоқ.


Елорда мектебінде сабақ кезінде төтенше жағдай болды (видео)

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда №73 лицейде алғашқы оқу күнінде төтенше жағдай болды. Адамдарды эвакуациялуға мектептен шыққан түтін себеп болды, деп жазады sputniknews.kz.



Оқиға куәгерлерінің айтуынша, екінші ауысым кезінде оқушылар мен мектеп қызметкерлері түтіннің иісін сезген. Кейінірек оқушылар сыртқа шығарылды, оқиға орнына өрт сөндірушілер, полицейлер мен дәрігерлер келді.

"Сағат 15:19-да мектептен қоңырау түсті. Оқиға орнына он құтқарушы мен екі техника жіберілді. Түтін шығуға қысқа тұйықталу себеп болған, ештеңе жанбаған", - деп хабарлады елордалық ТЖ департаменті.

Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, мектепке материалдық шығын келмеген, кабельдер бүлінбеген. Жағдайға байланысты хаттама толтырылды. Тексерістен кейін барлық оқушы мектепке кірді. Мектеп штаттық режимде жұмыс істейді.

Айта кетейік, карантинге байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқып жатыр. 4 наурыздан бастап мектепте оқушылар аралас форматта оқиды.