Елорда мешітінде намаз уақытында ұрлық жасаған өзбекстандық ұсталды

0
386

22 жастағы мигрант елордаға маусым айының соңында келген.


Елорда мешітінде намаз уақытында ұрлық жасаған өзбекстандық ұсталды

ERNUR.KZ. Елордада намаз уақыты кезінде мешітте ұрлық жасаған Өзбекстан азаматы ұсталды, деп жазады Polisia.kz,

22 жастағы мигрант елордаға маусым айының соңында келген. Шетелдіктің 6 ұрлық фактісіне қатысы бар. Ұрланған заттардың ішінде ақша мен ұялы телефондар болған.

Күдікті қылмыстық әрекетінің бейнебақылау камераларына түсіп қалғанын білмеген. Бейнетаспаларда оның ұяшықтардан сөмкелерді алып, ұрлық жасағаны жазылған.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, қамауға алынды. Ол кінәсін мойындады, полицейлер заттай айғақ ретінде төрт телефон тәркіледі.

Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.