Елордада 15 жыл бойы салынып жатқан үй бұзылатын болды

0
851

Көпқабатты тұрғын үй кешені елорда орталығында 2004 жылдан бері салынып жатыр.


Елордада 15 жыл бойы салынып жатқан үй бұзылатын болды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов елордада толық салынып бітпеген "Территория комфорта-1" тұрғын үйі сүрілетінін айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы елорда әкімі 21 тамызда болған Nur Otan саяси кеңесі кеңейтілген отырысының кулуарында мәлімдеді.

"Сіз сұрап отырған нысан бойынша, үйге демонтаж жасау керек. Қазір құжаттарды дайындап жатырмыз, кейін жаңасын саламыз. Үлескерлерге жаңа үй салып береміз", - деді Көлгінов 15 жыл бұрын салынып басталған тұрғын үйдің құрылысы жайлы сұраққа.

Көпқабатты тұрғын үй кешені елорда орталығында 2004 жылдан бері салынып жатыр. Бірақ құрылыс әлі біткен жоқ. Нысан сол жағалаудың орталық көшелерінің бірінде орналасқан.

Бірнеше жыл бұрын бұл үй бітпеген нысандардың жәрмеңкесінде ұсынылған еді. Жәрмеңке тұрғын үйлердің құрылысын бітіруге дайын инвесторлар үшін өткен.