​Елордада «Алтын домбыра» ақындар айтысы өтеді (видео)

0
3 064

Дүбірлі дода 16-17 желтоқсан күндері ұйымдастырылмақ.


​Елордада «Алтын домбыра» ақындар айтысы өтеді (видео)
сурет:www.kerek-info.kz

ERNUR.KZ. «Астанам, сенсің айбарым» тақырыбындағы дүбірлі дода 16-17 желтоқсан күндері ұйымдастырылмақ, деп жазады 24.kz.


Бас шаһарымыздың 20 жылдығына арналған айтысқа 20 ақын қатысады. Олар жыл бойы еліміздің әрбір өңірінде өткен жарыстарда топ жарып, арнайы іріктелініп алынды. Аламандар бәйгесіне Асанәлі Әшімов, Несіпбек Айтов, айтыскер ақындар Серік Қалиев және Қойлыбай Асанов сынды білікті мамандар төрелік етеді. Сонымен қатар екі тәуелсіз сарапшы да өз бағаларын береді. Жыр додасында ұшқыр ой және суырыпсалмалық қабілетімен дараланған ақын «Алтын домбыра» иегері атанып, бес миллион теңгемен марапатталады.

Жүрсін Ерман, Айтыс ақындары мен жыр-термешілердің халықаралық одағының басқарма төрағасы:

- Басты тақырып – Астананың 20 жылдығы, Тәуелсіздік мерекесі. Оның үстіне Елбасының кеше ғана мақаласы жарық көрді. Ақындарға айтып жатырмыз тереңдеп айтыңдар деп.