Елордада апатты үйде тұратын 300 отбасы биыл жаңа баспанаға көшеді

0
678

Бұл жайында қала басшысы Алтай Көлгінов мәлім етті.


Елордада апатты үйде тұратын 300 отбасы биыл жаңа баспанаға көшеді

ERNUR.KZ. Соңғы 3 жылда апатты үйлерден 700-ге жуық отбасы көшірілді. Бағдарлама басталғаннан бері шамамен 4 мың 200 отбасы қоныс аударған, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл жайында қала басшысы Алтай Көлгінов мәлім етті.

«Биыл апатты жағдайдағы ескі үйлердің арасында қауіпті күйдегі 18 үйдің тұрғындарын көшіреміз. Онда 300-ден астам отбасы тұрады. Мұндай көппәтерлі және жеке үйлердің проблемасы негізінен электр сымымен, кәрізбен, сумен, шатырмен, іргетасымен байланысты. Тіпті пәтер ішінде пеш те орнатылған, дәретханасы сыртта орналасқан тұрғын үйлер де бар. Бірқатар апатты үйлердің тұрғындарымен кездестім. Мәселен Сарыарқа ауданында тұратын тұрғындармен (Рауан тұйық көшесі, 15, 16, 17) кездесуде көшу мәселесі талқыланды. Олардың баспанасы апатты ескі үйлер тізіміне енгізілген: қазіргі уақытта оларға арнап жаңа тұрғын үй кешені салынып жатыр, оны жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқтала салысымен Рауан тұйық көшесі 15, 16, 17 мекенжайында тұратын тұрғындарды көшіреміз»,- деп жазды әкім Instagram парақшасында.

Оның айтуынша, елорданы дамыту бағдарламасы бойынша тұрғындарды қауіпті үйлерден көшіру жұмысы жүріп жатыр.

Соңғы 3 жылда апатты үйлерден 700-ге жуық отбасы көшірілді. Бағдарлама басталғаннан бері шамамен 4 мың 200 отбасы қоныс аударған.

Сол сияқты қалада 200-ден астам апатты үй бар. Олар бойынша тиісті жұмыс жоспарлы түрде жүргізіледі.

«Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша баспана жағдайын жақсарту үшін тұрғын үй кешенін жөндеу, лифтілерді ауыстыру, жеңілдікті әлеуметтік тұрғын үй құрылысы, ұзаққа созылған құрылыстарды аяқтау бойынша жұмыс жалғасып жатыр» деп атап өтті Алтай Көлгінов.