Елордада бюджет қаражатын жымқырған кәсіпкерлер 6 жылға сотталды

0
602

118 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырған.


Елордада бюджет қаражатын жымқырған кәсіпкерлер 6 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Елордада 118 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырған кәсіпкерлерге қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар жалған тұлғаларға рәсімделген мекемелер арқылы технологиялық процесстерді жетілдіру мақсатында деген сылтаумен осынау қыруар қаражатты қолды қылған. Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық сотының үкімімен айыпталушылар 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, сот ынтымақтық тәртіпте кәсіпкерлерден «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» Акционерлік Қоғамының пайдасына мүліктік залал есебінде 118 млн теңге мен мемлекет кірісіне әр кәсіпкерден 1 770 000 теңге мемлекеттік бажға өтеу түрінде өндіріп алу туралы қаулы шығарды.