Елордада ер адам көпқабатты үйден құлап, көз жұмды

0
787

Ер адамның биік үйден қалай құлап кеткені анықталып жатыр.


Елордада ер адам көпқабатты үйден құлап, көз жұмды

ERNUR.KZ. Елордада көпқабатты үйдің терезесінен ер адам құлап кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Оқиға туралы полицияның «102» нөміріне қоңырау кеше сағат 18.04 кезінде түсті. Қошқарбаев көшесіндегі үйдің ауласынан ер адамның денесінің табылу фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», - деп мәлім етті Полиция департаментінен.

Ер адамның биік үйден қалай құлап кеткені анықталу үстінде.