Елордада әйелін қызғанған ер адам оны пышақтап өлтірді

0
835

Ер кісі адамды қасақана өлтірді деп айыпталған.


Елордада әйелін қызғанған ер адам оны пышақтап өлтірді

ERNUR.KZ. Елордада өз әйелін пышақтап өлтірген тұрғынның ісі сотта қаралды. Сот ер адамды кінәлі деп таныды, деп жазады Stan.kz.

Ер адамға қатысты іс қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды. Ол адамды қасақана өлтірді деп айыпталған.

Іс материалдарына сәйкес, ер адам мас күйінде әйелін пышақтап тастаған. Салдарынан әйел көз жұмды. Оның мұндай әрекетіне қызғаныш себеп болған.

Сот үкімімен ер адам адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қауіпсіздігі төмен мекемеде жазасын өтейтін болады.

Аппеляциялық инстанция үкімді өзгеріссіз қалдырды.