Елордада полицейлерге қылмыскерді ұстауға көмектескен екі оқушы марапатталды

0
929

Бүгінгі күннің батырларын құттықтап, олардың ата-аналары мен мұғалімдеріне алғыстарын білдірді.


Елордада полицейлерге қылмыскерді ұстауға көмектескен екі оқушы марапатталды

ERNUR.KZ. Елордада полицияға көмектесіп, балаларды қарумен қорқытқан ер адамды ұстауға көмектескен мектеп оқушыларын марапаттады, деп жазады astana.gov.kz.

Нұр-Сұлтанда ерлігі, қырағылығы, белсенді азаматтық ұстанымдары үшін полиция департаменті басшылығының атынан №27 және №37 орта мектептердің оқушылары Ділнұр Амангелдиев пен Данияр Асқаров алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Шарибаев бүгінгі күннің батырларын құттықтап, олардың ата-аналары мен мұғалімдеріне алғыстарын білдірді.

Осыған дейін хабарланғандай, 12 маусым күні сағат 20.00-де Уәлиханов көшесінде орналасқан аулада ішімдік ішкен азамат кәмелетке толмаған адамды тапаншамен қорқытқан. Қылмыстың куәгерлері осы ауланың тұрғындары болды.

Аулада қызмет атқарып жүрген кезінде полиция қызметкеріне тапаншамен жүріп қорқытқан ер адам туралы хабарламаны кәмелетке толмаған екі азамат жеткізген. Патрульдік полиция полкінің қызметкері полиция аға сержанты Руслан Шмидт балалар көрсеткен орынға тез жеткен. Тапанша ұстаған мас адамды полиция қызметкері әскери амалдар мен арнайы құралдарды қолданып, залалсыздандырды.