Елордада тіл-көзден емдейтін "емші" балаларды алдап, алтын бұйымдарын алған

0
630

Зергерлік бұйымдарды ол ломбардқа өткізіп үлгеріпті.


Елордада тіл-көзден емдейтін

ERNUR.KZ. Елорда полициясы балаларды тіл-көзден емдеймін деп алдап, ақшасы мен зергерлік бұйымдарын алған күдіктіні ұстады, деп жазады zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 31 жастағы әйел жедел-іздестіру шаралары барысында бірқатар алаяқтық фактілері үшін ұсталды. Күдікті Нұр-Сұлтанда кәмелетке толмаған балаларға жақындап, өзін экстрасеанс деп таныстырып, ата-анасының немесе жақын туыстарына тіл-көз тигенін айтып, оны жазу үшін үйден ақша немесе зергерлік бұйым алып шығуын сұраған.

Сөйтіп, ол үш баланы алдап, 600 мың теңге ақша мен алтын бұйымдарды иемденген. Ол зергерлік бұйымдарды ломбардқа өткізіп үлгеріпті. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты үш алаяқтық ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұған дейін әйел бірнеше рет алаяқтық үшін сотталғаны белгілі болды.

Ұсталған азамат Нұр-Сұлтан полициясы бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, оның бұрын осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Суреттегі адамның заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар болса, Нұр-Сұлтан қаласының Есіл ауданының полиция бөліміне мына мекен-жай бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: Орынбор, 9 үй немесе мына телефон нөмірлеріне қоңырау шалыңыз: 8 (7172) 71-65-57, 71-65-58, 8-778-994-02-02, 8-702-348-31-90 немесе 102.