Елордада жаңадан салынып жатқан мешіт құрылысынан өрт шықты

0
2 436

Зардап шеккендер жоқ.


Елордада жаңадан салынып жатқан мешіт құрылысынан өрт шықты

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында жаңадан салынып жатқан мешіттен өрт шықты, деп жазады Stan.kz.

«Мешіттен түтін шығып жатыр. Қандай да бір сұйықтықты жағып жатыр ма, түсініксіз. Мүмкін өрт», - дейді өртті видеоға түсірген кездейсоқ куәгер.

Өз кезегінде қалалық Төтенше жағдай департаменті өрттің болғанын растады.

«Сағат 10:01-де Есіл ауданы, Мәңгілік ел 81 мекенжайында жаңадан салынып жатқан мешіттен бөлек тұрған көлемі 50 шаршы метр болатын қойма өртенді. Зардап шеккендер жоқ. Өртті ауыздықтауға 16 маман және 3 техника жұмылдырылды», - деп хабарлайды департамент.

Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтандағы бас мешіттің құрылысы құлап қалғаны айтылған еді.