Елордада жедел жәрдем бригадасына шабуыл жасалды

0
800

Бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Елордада жедел жәрдем бригадасына шабуыл жасалды

ERNUR.KZ. Полицейлер жедел жәрдем бригадасына шабуыл жасаған ер адамды ұстады, деп жазады Елорда Инфо.

«21 тамыз күні сағат 03.20 шамасында жедел жәрдем бригадасы кезекті шақыртуға бара жатып, жолда жатқан адамды байқаған. Дәрігерлер дереу көмек көрсетпек болғанда, ер адам оларға бас салған. Өзін агрессивті түрде ұстап, жүргізушіні бірнеше рет ұрып жіберген. Сондай-ақ, дәрігерлер бригадасына шабуыл жасамақ болып, жедел жәрдем көлігіне зақым келтірген», - делінген департаменттің хабарламасында.

Шұғыл түрде жеткен полиция жасағы ер адамды ұстап, Сарыарқа аудандық полиция басқармасына жеткізді.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, 28 жастағы азамат мас күйінде болған. Бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.