Елордада жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

0
571

Жанама жолмен келе жатқан көлік №1 қарама-қарсы жаяу жүргіншілер көпірінің тіреуіне соғылған.


Елордада жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

ERNUR.KZ. Елордада жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады, деп жазады ҚазАқпарат.

Департамент ақпаратына қарағанда, бүгін таңертең сағат 08:29-да 1976 жылғы азамат жүргізіп келе жатқан «Hyundai» жедел жәрдем көлігі шақыртуға бара жатып, апатқа ұшыраған.

«Арнайы дыбыс белгісін қосып Қонаев көшесімен Тұран даңғылына қарай жанама жолмен келе жатқан көлік №1 қарама-қарсы жаяу жүргіншілер көпірінің тіреуіне соғылған. Жол-көлік апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ», - деп атап өтеді ведомстводан.