Елордадағы жантүршігерлік көлік апаты: Зардап шеккендер саны 27-ге жетті

0
1 299

Жалпы, оқиға орнына жедел жәрдемнің 22 бригадасы мен Апаттар медицинасы орталығының 1 бригадасы жұмылдырылған.


Елордадағы жантүршігерлік көлік апаты: Зардап шеккендер саны 27-ге жетті

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі елордадағы жантүршігерлік көлік апатынан қанша адам зардап шеккенін мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Соңғы мәліметтер бойынша 27 адам зардап шекті. Апат салдарынан екі адам көз жұмды, яғни 53 жастағы автобус жүргізушісі мен 26 жастағы автобус жолаушысы. 25 адам көпбейінді № 2 ауруханаға жеткізілді. Соның арасында төртеуінің жағдайы ауыр. 3 адамға операция жасалуда, тағы үшеуі қарқынды терапия бөлімінде», - деді қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.

№1 қалалық ауруханаға зардап шеккен 1 адам жеткізілді (жедел жәрдем фельдшері). Ол нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Сонымен қатар, Орталық жол ауруханасына тізесін зақымдаған бір адам жеткізілді (жедел жәрдем фельдшері). Жалпы, оқиға орнына жедел жәрдемнің 22 бригадасы мен Апаттар медицинасы орталығының 1 бригадасы жұмылдырылды. Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада автобустар апатынан екі адам көз жұмды. «Астана LRT» мәліметі бойынша қаза болғандардың бірі - ол бірінші болып соқтығысқан автобус жүргізушісі. 26 наурыз күні Ұлы Дала мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында үш автобустың және жеңіл көліктердің қақтығысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Қала маңы бағдарындағы № 303 автобус № 12 бағдардағы жолаушылар автобусымен соқтығысты. Осының екпінімен олар № 53 автобусқа және жедел жәрдем көлігіне барып соғылды.