Елордадан Алакөлге пойыз қатынайды

0
1 071

​Пойыз 2019 жылдың 30-шы маусымнан бастап жолаушылар тасымалдайды.


Елордадан Алакөлге пойыз қатынайды

ERNUR.KZ. 2019 жылдың 30-шы маусымнан бастап тамыздың 30-на дейінгі аралықта «Нұр-Сұлтан - Достық» бағытында жүретін жолаушылар пойызы іске қосылады, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл бағыты бойынша жүретін пойыз аптасына екі рет жүреді. Ұлттық тасымалдаушы өз жолаушыларына сапарларын алдын-ала жоспарлап, ертерек жол жүру билеттерін алуды ескертеді.