​Елордамызда күннен қуат алатын мешіт бой көтерді

0
3 021

Жаңа мешіт энергия шығыны нөлдік көрсеткішке тең, әлемдегі алғашқы нысан.


​Елордамызда күннен қуат алатын мешіт бой көтерді

Астанада әлем бойынша бірінші энерготәуелсіз «Рыскелді Қажы» мешіті ашылды. Бұл туралы аталғаш мешіттің аумағында өткен баспасөз-турында белгілі болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа мешіт энергия шығыны нөлдік көрсеткішке тең, әлемдегі алғашқы нысан. Жобаны жүзеге асыруда электр энергиясын өндіретін альтернативті энергия көздері қолданылды. Ғимарат фотоэлектрлі панельдермен, төрт камералы шыныдан жасалған терезелермен, сондай-ақ, жылуды сақтау мақсатында толық оқшауланған.

Әлемдік көшбасшылар қатарындағы австриялық Neue Bauphysik & Energiedesign GmbH және Weissenseer компаниялары Рыскелді Қажы мешітінің құрылысы бойынша әріптес ретінде танылды. Ғимараттың басты жобалаушысы - Neubau best energy компаниясы.

«Жаңа Рыскелді Қажы мешіті әлемдегі бірінші энерготәуелсіз және еш демеуші қаражатынсыз өз-өзін қамти алатын мешіт. Ғимарат күн панельдерінен қуат алып, артық электр энергиясын қалаға сата алады. Ал, электр энергиясын түскен қаржы жылу мен ыстық суға кететін шығынды толықтай өтейді. Яғни, біздің жоба - нөлдік энергия шығынды әлемдегі алғашқы мешіт. Біздің мақсатымыз Астанада өз сәулетімен ғана емес, альтернативті қуат көздері технологиялары және энергоэффективтілігімен ерекшеленетін мешіт салу болды»,- деді мешітті салған Weissenseer компаниясының бас директоры Кристоф Мюллер.

Ал, Neubau best energy компаниясының бас директоры Давид Михулец жаңа технологиялар арқасында мешіт электр қуатын үш есе үнемдейтінін айтып өтті.

«Ғимарат рекуперация жүйесімен жабдықталған, ауаның 75% жылуды сақтап қалуда қайта қолданылады, бұл қадам жылыту маусымында 61% үнемділікке қол жеткізеді. Сонымен қатар, мешіт аумағында 27,6 кВт / сағ аккумуляторларымен үйлесімді жалпы жалпы саны 784 фотоэлектрлік модульдер орнатылған. Бұл жыл бойы мешіттің үздіксіз электр қуатын алуын қамтамасыз етеді. Бұл технологиялар астаналық мешітті бірегей етеді», - деді Neubau best energy компаниясының бас директоры Давид Михулец.

Аталған австриялық компаниялар Қазақстанда тағы бірнеше экологиялық және энергоэффективті жобаларды жүзеге асырмақ. Жоспарларында қуат көзіне тәуелсіз Green City қалашығын салу бар. Бұндағы барлық үйлер күн панельдерімен жабдықталған. Құрылысы үшін қауіпсіз және энергияны аз тұтынатын табиғи материалдар қолданылады.

Бұдан басқа, компания қорында күн панельдерінен қуат алатын шіркеудің құрылысы да бар.

Айта кетейік, Neue Bauphysik & Energiedesign GmbH – австриялық компания, эко-нысандарды жобалауда өз қызметін ұсынады (жобалау, жүзеге асыру), жылу алмасу жүйесін оңтайландыру.

Weissenseer – ағаш үйлері құрылысы бойынша 1930 жылдары негізі қаланған австриялық компания. Экология және электр қуатына үнемді, әлемдік стандарттарға сай жүздеген ғимараттар құрылысын жүзеге асырды.