Елжан Біртанов әлеуметтік желіні белсенді пайдалана бастады

1
462

​Бүгін, 18 қазанда экс-министр 50 жасқа толды.


Елжан Біртанов әлеуметтік желіні белсенді пайдалана бастады

ERNUR.KZ. Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов біраз үзілістен соң Facebook-те белсенділік танытты, деп жазады inbusiness.kz.

Экс-шенеунік туған күні қарсаңында әлеуметтік желідегі фотоларын жаңартқан.

Қазақстандықтар оған комментарий жазып, Елжан Біртанов туған күнімен құттықтап жатыр.

Айта кетейік, бұрынғы денсаулық сақтау министрі бюджет қаражатын жымқырды және мемлекетке аса ірі мөлшерде (1,5 млрд теңге) материалдық залал келтірді деп күдікке ілінген.

2020 жылғы 3 қарашада ол қамауға алынды, ал 7 қарашада экс-министр үй қамауынан босатылды.

Биыл 7 шілдеде Елжан Біртановтың ісін тергеу аяқталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы процеске қатысушыларды іс материалдарымен таныстыру үшін мерзімді бірнеше рет ұзартты.

Соңғы рет сот мерзімі 14 қарашаға дейін ұзарған еді.