Елжан Біртановтың үй қамауындағы мерзімі ұзартылды

0
2 277


Елжан Біртановтың үй қамауындағы мерзімі ұзартылды

ERNUR.KZ. Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қамаудағы мерзімі төрт айға ұзартылды. Енді ол үй қамауына 2021 жылдың 28 ақпанына дейін болады, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко айтты.

"Нұр-Сұлтанның тергеу соты Елжан Біртановтың үй қамауын төрт айға дейін ұзартты. Ол үш рет болды,енді ол ақпан айының соңына дейін үй қамауында болады.
Қорғаушы ретінде мен онымен үйде үнемі кездесіп тұрамын, өйткені ол үй қамауында. Ол өзін кінәлімін деп отырған жоқ", - деп қосты Дмитрий Куряченко.", - деді Дмитрий Куряченко.

Еске салайық, Біртанов биыл 25 маусымда денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Экс-министрдің ұсталғаны туралы 3 қарашада белгілі болды. Біртановқа аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.