Емізулі баласы бар жұпқа аяушылық танытқан тұрғын сан соғып қалды

0
857

Сот айыпталушының бір жылға бостандығын шектеді.


Емізулі баласы бар жұпқа аяушылық танытқан тұрғын сан соғып қалды

ERNUR.KZ. Ақтөбелік тұрғын қолында емізулі баласы бар жұпқа аяушылық танытып, өз пәтерінде тұруға рұқсат берген. Жас жұбайлар жөргек пұл мәселесін шешкен кезде пәтердің ақысын төлеуге уәде еткен. Алайда оның орнына үйдегі бағалы заттарды алып, ізін суытқан деп жазады kaz.nur.kz.

Жас ана үйдегі ноутбук, ұялы телефон мен киім-кешекті ұрлап кеткен. Ол заттардың жартысын сатып, басқа жалдамалы пәтердің ақысын төлеген. Осылайша ана сот алдында жауапқа тартылды.

Әйел адам өз сөзінде бір бөлмені жалдап тұрып жатқанын, жөргекпұл мәселесін шешкенін және көлік жуатын жерде жұмыс істеп жатқанын айтып, жәбірленушіге келтірген залалды өтеп беруге уәде еткен.

Әйел адам бостандықта жүргенімен, дәмханалар мен мейрамханаларға баруға тыйым салынған.

Пробация қызметі қылмыскердің бостандықта немен айналысып жүргенін бақылайтын болады.