Емхана заңгері сәбидің өлімінің себебін анықтамақ болған тілшілерге жұдырық ала жүгірді (видео)

0
1 245

Сәби екпе жасалғаннан кейін қайтыс болған.


Емхана заңгері сәбидің өлімінің себебін анықтамақ болған тілшілерге жұдырық ала жүгірді (видео)

ERNUR.KZ. Емхана заңгері сәбидің өлімінің себебін анықтамақ болған тілшілерге тап беріп, жұдырық ала жүгірді, деп жазады ktk.kz.

1 жасар сәби осыдан бір ай бұрын қайтыс болған. Оған сол күні 3 бірдей жұқпалы ауруға қарсы екпе жасалыпты. Егуден кейін 10 сағаттан кейін көз жұмған сәбидің өлімін туысқандары емшарамен байланыстырады. Баласынан айрылып зар жылаған ана сараптама қорытындысын көрген.

Сот медициналық сараптама қағазының көшірмесін марқұмның туысқандары полициядан алған. Қорытындысын оқып тұрғаны сол еді, «ештеңе айтпаймыз» деген емхана заңгері түсіру тобына тап берді. Орталық емхананың дәлізіндегі айғай шуды естіп кабинеттерінен дәрігерлер атып шықты. Телеоператорды үсті үстіне ұрғылаған кезде камера да істен шыққан.


Оқиғадан кейін тілшілер мен сәбидің анасы полицияға шағымданды. Сәбидің анасы оның өліміне кімнің кінәлі екенін анықтамақ.