Емханаларда қабылдау тәртібі өзгерді

0
599

Бұдан былай, тіркеу бөлімінде-ақ азаматтың сақтандыру жүйесімен қамтылғаны немесе қамтылмағаны анықталатын болады.


Емханаларда қабылдау тәртібі өзгерді

ERNUR.KZ. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі жеке меншік емханалардың қызметтерін де қолжетімді ете түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, Ақтөбе облысы бойынша бүгінде 25 ұйымның көмегін тегін пайдалануға мүмкіндік туды. Соған сәйкес, енді мұндай орталықтарда құны қымбат ота түрлерін де жасатуға болады. Ал қызмет ақысы жұмыс-беруші мен жұмысшының ай сайын бөлген қаржысы есебінен төленбек. Мемлекет меншігіндегі ауруханалар мен өзге де медицина мекемелері тиісті қормен әлдеқашан келісімшартқа отырған. Соған сәйкес, әр науқасқа әдеттегідей дәрігерлік көмек көрсетіле береді. Дегенмен жаңа жүйе бойынша енді емханаға келген адамды қабылдау тәртібі сәл өзгерді. Бұдан былай, тіркеу бөлімінде-ақ азаматтың сақтандыру жүйесімен қамтылғаны немесе қамтылмағаны анықталатын болады.

«Жалпы әркім 1 сәуірге дейін өз мәртебесін білуі тиіс», – дейді мамандар.

– Сақтандырылған азамат төлеп отырған қаржы көлеміне қарамастан, барлық медициналық қызмет түрін КТ, МРТ-ға дейін қымбат тұратын операцияларды жарты миллионға, миллионға, бір жарым миллионға қажет операциялардың барлығын ақысыз түрде ала алады. Ал сақтандырылмаған азамат болса, ол тек қана тегін медициналық қызметке кіретін қызметтерді ғана ала алады. Яғни терапевтке, дәрігерге, педиатрға бара алады, - дейді ӘМСҚ АОФ бөлім басшысы Салтанат Оңғар.