Емтиханнан төмен баға алған оқушы сыныптасының мұрнын сындырды (видео)

0
1 305

Орал мектептерінің бірінде емтиханнан 4 деген баға алып, қуанған оқушыны 3 алған сыныптасы ұрып тастаған.


Емтиханнан төмен баға алған оқушы сыныптасының мұрнын сындырды (видео)

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Орал мектептерінің бірінде 15 жастағы оқушының мұрны сынып, ауруханадан бір-ақ шықты, деп жазады tdk42.kz.

Экзаменді 4-ке тапсырғаны үшін сыныптасынан таяқ жеп ауруханаға түсті. Орал қаласындағы №10 мектептің 9-шы сыныпты тәмамдаған Балғын Ізімгерей бүгін ауруханадан шықты. Қажетті ем-домын алып шыққан жасөспірім әлі де басының ауратынын айтады.

Балғын Ізімгерейдің айтуынша оны Нұрәли есімді сыныптасы ұрған. Мемлекеттік емтиханды жақсы бағаға тапсырып шыққан Балғын Нұрәлиге «4» алғанын айтады. Осы сәтте ашуға бой берген ол, Балғынның бетінен басынан және көзінен ұрады.

«Сыныптасым Нұрәділ мектеп дәлізінде мені ұра бастады. Сол кезде мұрнымнан қан кетті. Көзім жұмылып қалды. Ештеңе көрмедім. Бірақ үйге келдім. Өзімді нашар сезіндім. Ұйықтап кеттіппін. Бір оянсам ауруханада жатырмын», – дейді Балғын.

Дәрігерлер болса жәбірленушінің қазіргі жағдайы бірқалыпты дейді. 27-ші мамыр күні ауруханаға жедел жәрдеммен тұскен ол 3 күн бойы жансақтау бөлімінде ем алған. Өйткені тыныс алу жолдарындағы сүйектері бірнеше жерден зақымданған.

Ал оқушының анасы Рая болса, ұлының осы халге түсуіне себепкер болған Нұрәли есімді Балғынның сыныптасы заң бойынша жазалансын дейді. Нұрәділдің ата-анасы Балғынның әке-шешесінен кешірім сұрапты.

«Ата-анасы кешірім сұрады. Бірақ біз ұлының заң алдында жауап бергенін қалайсыз. Олар төбелескенде ешкім ажыратпаған. Мектеп мұғалімдері мен күзетшілері қайда болған сонда? Баламыз 3 күн бойы жансақтау бөлімінде жатты. Дұрыс ұйықтай алмайды», – деп шағымданды анасы Рая Сәрсенғалиева.

Ата-анасы түсірген шағым ішкі істер органында қаралып жатыр.